ҚР президентінің кубогы сарапқа салынады

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2004

5-10 маусым аралығында Астанада бокстан V халықаралық турнир өтеді.

ҚР президентінің кубогы сарапқа салынады

Дәстүрлі халықаралық турнирге біздің елден 56 спортшы қатысады. Олардың басым көпшілігі ерлер арасында сынға түседі. Атап айтқанда, президент кубогында өз бақтарын сынап көретін жігіттеріміздің саны – 43. Олардың 19-ы – ұлттық құрама мүшелері, сегізі – "Астана Арландары" сапындағы былғары қолғап шеберлері, қалған 16-сы – әр облыстан келген жігіттер. Ал әйелдер арасындағы жекпе-жектерде 13 бұрымды бокшысымыз шаршы алаң көрігін қыздыратын болады.

Кейбір салмақтарда ұлттық құраманың үздіктері жоқ. Мысалы жақында Ташкентте өткен Азия чемпионатында жүлде тұрмақ, әлем чемпионаты жолдамасына қол жеткізе алмаған Жомарт Ержан бұл жолы рингке шықпайды. Бапкерлер алқасы 49 келіде жас таланттарымызға мүмкіндік беріп отырған көрінеді. Жалпы, барлық салмақ дәрежесінде жастарға жол ашылып отыр.

56 келі салмақ дәрежесіндегі Қайрат Ералиев денсаулығына байланысты Президент кубогына қатыса алмайтын болған. Ал 69 келідегі Абылайхан Жүсіпов қолын жарақаттап алып, әлі толық айығып кете алмаған көрінеді. 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов пен Жәнібек Әлімханұлы да әлі қатарда жоқ. Қалған боксшыларымыздың бәрі де шаршы алаңға шығып, өз қабілеттерін паш етеді.

Сонымен, "Қазақстан Республикасы Президенті кубогы" V халықаралық турнирінде бақ сынайтын қыз-жігіттеріміз:

Ерлер:

49 келі

Шалқар Айқынбай  

Асхат Жүсіпов  

Ермек Мәдиев  

52 келі

Азамат Исақұлов

Азат Махметов

Олжас Байниязов

Сәкен Бибосынов

56 келі

Ілияс Сүлейменов

Жанболат  Қыдырбаев

Жанболат Тілегенұлы

Айдос Арапов

Мадияр Жанұзақов

Бекжан Құралов

60 келі

Мейірболат Тойытов

Әділет Құрметов

Сұлтан Зауырбек

Серік Теміржанов

Әлімжан Бескемпір

Рустам Рустамов

64 келі

Бекдәулет Ибрагимов

Қуан Қуатов

Аян Қалибеков

Асқар Ерубек

Нұржан Мақашбаев

69келі

Садриддин Ахмедов

Бекзод Халмедов

Қанағат Маралов

75 келі

Әбілхан Аманқұл

Манат Өмірзақов

Сапарбай Айдаров

81 келі

Нұрдәулет Жарманов

Ерік Әлжанов

Бек Нұрмағамбет

Шаймұрат Құсайынов

Баянбек Саметов

91 келі

Василий Левит

Мұхамеджан Еркін

Әділет Орынбасаров

+91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев

Олжас Букаев

Нұржан Бекзатов

Нұрлан Сапарбай

Нұрболат Сермаханов

Әйелдер (тек ұлттық құрама мүшелері):

51 келі

Назым Қызайбай

Жайна Шекербекова

Әйгерім Қасенаева

Севара Таджикулова

60 келі

Ұлбала Әлменова

Карина Ибрагимова

Айжан Ходжабекова

Римма Волосенко

75 келі

Дариға Шакімова

Ақбота Исағұлова

Акерке Бақытжан

Фариза Шолтай

Виолетта Князева

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу