Құлыбаев ХОК комиссиясының отырысына қатысты

2869

Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК)  қоғаммен байланыс жөніндегі комиссиясының өзге 35 мүшесімен бірге комиссияның жұмысындағы басымдықтарды талқылады.

Құлыбаев ХОК комиссиясының отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев  биылғы жылдың сәуір айында Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК)  қоғаммен байланыс жөніндегі комиссиясының мүшесі болған еді.  Осыған байланысты оны ХОК президенті Томас Бах пен  комиссия төрағасы, ХОК  мүшесі Марио Песканте құттықтады.

Марио Песканте Қазақстанның ХОК басшысына хат жолдап, онда аталған салада мол тәжірибесі мен білімі бар Тимур Құлыбаевтың комиссия жұмысына атсалысуы "ортақ мақсаттарға жетуде баға жетпес басымдық" болатындығын атап өткен.  Сәрсенбі, 8 қарашада, еліміздің ХОК басшысы аталған комиссияның Лозаннадағы (Швейцария) отырысына қатысты, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған комиссия  атқарушы комитет пен ХОК президентіне олимпиада комитетінің сессиясын өткізу, әлемде спорттың рөлі мен олимпизмді ілгерлету стратегиялары жөнінде кеңес ұсынып отырады. Комиссияның жұмысы  олимпиада қозғалысының барлық маңызды кезеңдерін, оның ішінде  этика, спортшылармен жұмыс атқару, босқындардың олимпиада құрамасын құру және оны үйлестіруді қамтиды.

Сонымен қатар допингке қарсы саясат мәселелері, сондай-ақ олимпиадалық арнаны дамыту да комиссияның назарында.

Отырыстың күн тәртібінде комиссия жұмысы туралы жылсайынғы есеп ұсынылып,  сонымен қатар алдағы уақыттағы жұмыс бағыты мен басымдықтары талқыланды.  ХОК-тың қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму комиссиясында 36 адам мүшелік етеді. Олардың арасында түрлі елдердің еңбек сіңірген спорт қайраткерлері бар.

Еркебұлан Қыздарбек, Игорь Воротной

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу