Африканы аралаңыз

16 Тамыз 2017 09:56

Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі Африка павильонында болды.  

Африканың барлық экзотикасын тамашалап, Қара континенттің сан алуан кереметін көргіңіз келсе, көп ойланбастан «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Африка павильонына барыңыз.

Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов та Африка мемлекетінің ұлттық күнін атап өту кезінде Қара континент елінің павильонында болды. Қазақстандық форин-офис басшысы павильонға барған кезде Африка елінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қойған экспонаттарымен танысып, ұлттық координаторлармен әңгіме-дүкен құрып, құрметті қонақтар кітапшасына жазба қалдырды.

Ұлттық мерекені тойлауда министр Африка континенті бейнеленген торт кесу салтанатына қатысты.