Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталды

591

Елордада ATР 250 сериялы Astana Open турнирі мәресіне жетті. 

Astana Open турнирінің жеңімпаздары анықталды Фото: ktf.kz

 

 

 

Әлемнің 34-ші ракеткасы, француздық Адриан Маннарино финалда әлемнің 28-ші ракеткасы америкалық Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Ал жұптық сында америкалық Натаниэль Леммонс пен Джексон Уитроу жеңімпаз атанды. Шешуші матчта олар Мате Павичті (Хорватия) / Джон Пирс жұбын (Аустралия) 7:6 (7:4), 7:6 (9:7) есебімен жеңді. 2021 жылы америкалықтар Астанада өткен ATP Challenger 125 сериясының турнирінде де жеңіске жеткен болатын.

ATP 250 санатындағы Турнир Астанада 2020 және 2021 жылдары өткен, ал 2022 жылы Қазақстан астанасы АТР 500 сериялы турнирді алғаш рет қабылдады. Биыл Astana Open-мен қатар Бейжіңде ATP 500 турнирі өткеніне қарамастан, Астанада әлемнің көптеген мықты теннисшілері жиналды. Олар: Қазақстан құрамасының көшбасшысы, әлемнің 26-шы ракеткасы, Галледегі АТР 500 турнирінің чемпионы Александр Бублик; "Үлкен Дулыға" турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Олимпиада чемпионы, 19 ATP турнирдің жеңімпазы, Дэвис Кубогының иегері, әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы Стэн Вавринка (Швейцария); бір "Үлкен дулыға" және 17 ATP турнирінің жеңімпазы, бұрынғы үшінші әлемдік ракетка Доминик Тим (Аустрия); бір "Үлкен Дулыға" жасөспірімдер турнирінің жеңімпазы және  Себастьян Корда (АҚШ) басқа да әлемдік теннис жұлдыздары.

Турнир аясында теннисшілер Қазақстан теннис федерациясы ұйымдастыратын әлеуметтік маңызды іс-шараларға қатысты. Ал аталмыш жарыстың финалистері - Адриан Маннарино мен Себастьян Корда дәстүр бойынша Ұлттық теннис орталығының жанындағы "Чемпиондар аллеясына" ағаш отырғызды. 8 күнге жалғасқан турнирге 16 000-нан астам көрермен келген. Сондай-ақ турнир әлемнің 110 елінде көрсетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу