"Алматы-Екатеринбург" пойызы енді Қазан қаласына қатынайды

602

"Алматы-Екатеринбург" пойызы енді Қазан қаласына қатынайды

"Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша №303/304 "Алматы-Екатеринбург" пойызының маршруты Қазан қаласына дейін ұзартылды. Енді 2017 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ол халықаралық №303 /304 "Алматы-Астана-Қазан" пойызы ретінде қатынайтын болады, деп хабарлайды railways.kz.
"Біз ҚТЖ ұлттық компаниясының басшылығына зор ризашылығымызды білдіреміз. Екі ел астаналары арасында тікелей қатынайтын пойыздың жолға шығуы Қазақстанның тәуелсіздігі мерекесі мен Астананың 20 жылдығы қарсаңындағы елеулі оқиға",- дейді республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы Тауфиқ Кәрімов.
Сонымен қатар, ТМД-ға мүше мемлекеттердің темір жол көлігі бойынша 66-кеңесінің шешімі бойынша 2017 жылдың 10 желтоқсанынан бастап пойыздардың 2017-2018 жылдарға арналған жаңа кестесі енгізіледі.
Жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жаңа жылдан бастап күн сайын жүретін жаңа №154/153 "Астана-Семей" жүрдек пойызы жолға шығатын болады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан №376/375 "Астана-Лениногорск" пойызының стандартты вагондары қазіргі заманғы жайлы "Тұлпар-Тальго" вагондарына ауыстырылады. Жолда жүру уақыты 28 сағат, яғни қазіргі кестемен салыстырғанда 3 сағатқа тезірек баратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу