18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

806

18 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Елордада өткен кәсіпкерлер конференциясында қаланың кәсіпкерлер палатасының директоры Ғани Тасмағанбетов палата ұсынған 7 бастама жайында сөз қозғады, деп хабарлайды палатаның қоғаммен байланыс департаменті.

Оның аясында жер учаскелері, электр қуаты және инженерлік-коммуникациялық желілеріне қосылу туралы ақпаратты онлайн алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта  осы бағыт бойынша Астана қаласы сәулет және қала құрылыс басқармасының www.saulet.astana.kz және www.genplan.saulet.astana.kz сайттарында интерактивті картасы орналастырылған. Картаға Астананың бас жоспары мен түбегейлі жоспар жобасы, тіркелген жер учаскелері, бос жер учаскелері, аукционға шығарылатын жер учаскелері, қызыл сызық және тағы басқа ақпаратты алуға болады.     
Сауда және қоғамдық тамақтануға бос алаңдарды кәсіпкерлікке беру: бұл жоба бойынша 600 орын үлестірілген. Өңірлік даму институттарын дамыту шеңберінде ӘКК жобалары жүзеге асқан: "Көше саудасы-1000 сауда орны", "ASTANA TAXI", "газ жанар-жағармай жобасы", "5 мың тоннаға көкөніс сақтау қоймасы", "Сапаржай-Астана" ЖШС, "Целинсельмаш Астана" ЖШС жешелендіру жобасы", "Астана азық-түлік белдеуін қамтамасыз ету" жобасы. 
Қазіргі таңда толықформатты Кәсіспкерлерге қызмет көрсету орталығы және №2 индустриялық парк аумағында шағын индустриялық аймағын құру мәселесі қарастырылып жатыр. Индустриялық аймақ арқылы 18 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп,  шағын және орта бизнесте 130 кәсіпорнын ашу жоспарланған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу