Ақмола облысында ағаш түйіршіктерінен отын дайындайтын зауыт жұмыс істеп тұр

1016

Ақмола облысында ағаш түйіршіктерінен отын дайындайтын зауыт жұмыс істеп тұр

2017 жылдың қараша айында ашылған зауыт осы уақытқа дейін 500 тонна отын өндірді, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Ақмола облысының Бурабай ауданында ағаш түйіршіктерінен экологиялық қауіпсіз биоотын өндіретін зауыт ашылды. Орман шаруашылығы қалдықтарынан түйіршіктер өндірумен жергілікті "Орман Аймағы" ЖШС айналысады, деп хабарлайды аймақтық коммуникация қызметінің ішкі саясат басқармасы. 

"Орман Аймағы" ЖШС экологиялық таза отын өндіретін Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын. Пайдалануға берілген берілген алғашқы зауыт Петропавл қаласында. Зауыт Бурабай ауданында 2017 жылдың қараша айында ашылды.Осы уақытқа дейін 500 тонна ағаш түйіршіктерін өндірді.Кәсіпорынның жылдық қуаты - 3000 тонна отынды құрайды. .

Компанияның басшысы Андрей Петроченко айтуынша, түйіршіктер еуропалық елдерде, АҚШ-та, Жапонияда, Ресейде ұзақ уақыт бойы отын ретінде пайдаланылған және шамамен 60 жыл бұрын пайда болған.

"Ағаш түйіршіктер - жоғары калориялы отын. Оның тиімділігі 95%, ал көмірдікі- 50%, газда - 30%. Екі тонна түйіршік жылу тасымалында  көмірге ұқсас, олар қымбат дизельдік отынның немесе сұйытылған газдың бір тоннасын алмастыра алады ", - деді  Петроченко.

Бір тонна биоотынды құны - 35 мың теңге. А. Петроченконың айтуынша, сұраныс күн сайын артып келеді. Бұдан басқа, компания экологиялық таза отынды республикада ғана емес, сонымен қатар Қытайға экспорттайды.

Баламалы отынмен қамтамасыз ету жобасы құрылтайшының өз ақшасымен жүзеге асырылған. Ақмола облысындағы зауытты ашу құны120 млн. теңгені құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу