Ақтөбе жастары миллион теңгеге дейін грант ала алады

892

Ақтөбе жастары миллион теңгеге дейін грант ала алады

Білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің бірлескен бастамасы енді Ақтөбе жерінде іске асырылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz,

Жастар корпусын дамыту жобасына бизнес жоспарын жүзеге асырғысы келіп жүрген тұрғындар қатыса алады.

Гранттық конкурсқа қатысатын жастар миллион теңгеге дейін қаржы ала алады. Сонымен қоса, жобаның барлық қатысушылары 40 000 – 60 000 теңге аралығында ай сайын шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

"Жұмыссыз және ешқандай оқу орнында білім алмайтын жастарға басымдық беріліп отыр. Бос жүрген және өмірден өз орнын таба алмай жүрген жандарға жан-жақты көмектескіміз келеді. Былтыр төрт облыста жүзеге асырылған бастаманы биыл алты облыста жүргізіп жатырмыз", — дейді жобаны басқару бойынша топтың үйлестірушісі Гүлмира Ескендірова.

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 1810 жас өзінің 536 әлеуметтік жобасын іске асырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу