Астанада Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының конгресі өтеді

973

Астанада  Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясының конгресі өтеді

Астана қаласында Дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының конгресі өтеді. Оған Ұлттық федерациялар және дәстүрлі күрес түрлері федерацияларының өкілдері қатысады.

Конгрестің күн тәртібінде қазақ күресінің жер шарының әр түкпірінде қанат жаюы және келешек даму жолдары қарастырылады. Шараға Америка, Африка, Еуропа және Азия құрлықтарынан жалпы 50 елдің делегаттары, Қазақстан Республикасы Мәдениет  және  спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қызметкерлері, ұлттық күрестің ардагерлері және белгілі мамандар қатысады.

Дүниежүзілік "Қазақ күресі" федерациясының конгресі 13 наурызда Астана қаласындағы "Beijing Palace Soluxe" қонақ үйінде өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу