Атырауда дәрі-дәрмек бағасы арзандауы мүмкін

848

Атырауда дәрі-дәрмек бағасы арзандауы мүмкін

Атырауда дағдарысқа байланысты екі жыл бойы құрылысы тұралап қалған фармацептикалық зауыт жұмысы енді жанданбақ, деп хабарлайды  abctv.kz.

ҚР парламенті сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаевтың айтуынша, бүгінде ішкі нарықтың 70-80 пайызын шетелдік фармацевтер жаулап алған.

"Сондықтан отандық дәрі-дәрмек өндірушілерге жан-жақты қолдау қажет", - дейді ол.

Зауытқа бұған дейін инженерлік-коммуникациялық желілер тарту үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 3 млн теңге қаржы бөлінген. Биыл дәрі-дәрмек өндіретін зауыттың орталық блогы іске қосылмақ. Мұнда микро-биологиялық экспериментальді зертхана болады. Кәсіпорында капсула, таблетка, жақпа және ерітінді түріндегі 100-ден астам дәрілік зат шығарылады деп жоспарланып отыр. Ол үшін әлемдік замануи технологияларға тапсырыс берілген. Ал зауыттың қалған екі блогы алдағы жылдары іске қосылады.

Егер Қазақстандағы бірегей жоба толықтай қуатымен жұмыс жасаса, 400 мың жұмыс орны ашылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу