Балықты заңсыз тасымалдағандардан 1 тоннадан аса сазан тәркіленді

999

Балықты заңсыз тасымалдағандардан 1 тоннадан аса сазан тәркіленді

10 қаңтарда Атырауда заңсыз балық тасымалдағандар ұсталды, деп хабарлайды abctv.kz.

Ішкі істер департаментінің балық қорына қылмыстық қол сұғушылық әрекеттерге қарсы күрес бөлімінің мамандары Исатай ауданының 17-ші бекеті маңында жалған мемлекеттік белгімен жүрген "Тайота" маркалы джип көлігін ұстаған. Тәртіп сақшылары Жанбай селосының тұрғынынан 1 тонна 385 келі сазан мен 15 келі бекіре балығын тәркіледі. Бұл туралы облыстық ІІД балық қорына қылмыстық қол сұғушылық әрекеттерге қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік Жанұзақов мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу