Биыл Ақтөбе облысында 1840 орынды 4 мектеп салынбақ

978

Биыл Ақтөбе облысында 1840 орынды 4 мектеп салынбақ

Ақтөбе облысында үш ауысымды білім беру мәселесін жою мақсатында 1840 балаға шақталған 4 мектеп салынады. Бұл туралы өңір облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазір 129 мың оқушы 415 орта мектепте білім алады. 2016 жылы 2420 орынды 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Оқушы санының көбеюіне байланысты мектептер үш ауысымда оқып жүр. Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық қордың қаржысы есебінен Алға (1), Қобда (1), Мәртөк (2), Хромтау (1)  аудандарында және Ақтөбе (6) қаласында 1840 орынды 4 мектеп пен 5760 орынды 11 мектеп салу жоспарланып отыр. Ырғыз ауданының Ырғыз ауылы мен Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылына 100 орынды, интернаты бар мектеп салу қажет.

Алдағы 2 жылда мектеп тапшылығын жою жұмысы жалғасады, осы жылдың өзінде саманнан, ағаштан және қамыстан салынған оқу орындарының орнына Ойыл (2), Ырғыз – (1), Шалқар (1), Ақтөбеде (1) 5 жаңа мектеп тұрғызылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу