Екібастұздағы компания 270 платформалы вагонға тапсырыс алды

779

Екібастұздағы компания 270 платформалы вагонға тапсырыс алды

Екібастұздық "Қазақстан вагон құрастыру компаниясы" күніне 10 вагон құрастыруды жоспарлап отыр, деп xабарлайды pavlodarnews.kz. 
Зауыттың бас директоры Сүйіндік Қуандықовтың сөзіне сүйенсек, бір вагонның бағасы 15 миллион теңге тұрады. 
"Бұл ресейлік вагондарға қарағанда 10 пайызға қымбат, - дейді бас директор. - Себебі, тек қана көрші елде дайындалатын кейбір қымбат өнімдерді пайдаланамыз. Вагондар 50 пайыз ресейлік, 50 пайыз отандық өнімнен құрастырылады. Зауытты салу кезінде АТФ банкінен алған алған үш миллиард теңге несиеміз бар. Сонымен қатар, жеткізілген тауар үшін бес миллиард теңге қарызбыз. Жалақы мен коммуналдық шығындарды төлеуден асқан табыс қарыздарды қайтаруға жұмсалады. Шығындар бес жылда өтеледі. Биыл 270 платформалы вагонға тапсырыс келді. Алдағы бес жылда 10 мың жарты вагон өндіру жоспарлануда".
"Қазақстан вагон құрастыру компаниясы" директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Берікбай Әміржановтың айтуынша, кәсіпорын наурыз айынан бастап төрт ауысымдық жұмысқа көшеді.
"Қазіргі уақытта 450 жұмысшымен екі ауысымда істеп жатырмыз, - дейді Берікбай Әміржанов. – Қаңтарда 108 жарты вагон құрастырдық. Күніне бес жарты вагон өндірсек, 24 сағаттық жұмысқа ауысқан соң бұл көрсеткіш 10-ға жететін болады. Ол үшін тағы да жұмыс күші қажет. Сондықтан жаңадан 400 адамды жұмысқа қабылдаймыз".
Айта кетейік, қызметкерлердің орташа жалақысы 111 мың 800 теңге болса, наурыз айынан бастап 150-170 мың теңгеге дейін көтеріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу