Facebook қазақ тілді маман іздеп жатыр

1038

Facebook қазақ тілді маман іздеп жатыр

Әлемдегі ірі әлеуметтік желілердің бірі Facebook қазақ тілін меңгерген, Қазақстан және Орталық Азия өңірінің дәстүрі мен мәдениетін терең білетін маман іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Компания өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламада үздік үміткердің Қазақстан нарығын зерттеумен айналысатын командамен бірге жұмыс істейтіні хабарланған. Жұмыс орны Ирландияның Дублин қаласындағы кеңсесінде орналасқан. Үміткер Қазақстандағы қолданушылардан келген сауалдарға жауап беріп, қазақ тіліндегі контенттің хабарламаларын тексерумен айналысады, қолданушыларға қолдау көрсетіп, аккаунтқа қатысты туындаған мәселелермен айналысады. Үміткер жылдам әрі сапалы жұмыс істеп, Қазақстанда болып жатқан соңғы оқиғалардан хабардар болып отыруға тиіс.

Сондай-ақ, оның бакалавр мен магистр оқу дәрежесі немесе сараптамалық жобалар саласында жұмыс өтілі болуы тиіс. Үміткерден ағылшын және қазақ тілдерін еркін меңгеруі талап етіледі. Excel және SQL бағдарламаларымен жұмыс істей алуы - үлкен артықшылық болмақ.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу