Футзалдан құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

742

Футзалдан құраманың Еуропа чемпионатындағы алғашқы қарсыласы анықталды

2018 жылғы 30 қаңтардан 10 ақпанға дейін Словенияда футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді, деп хабарлайды khabar.kz.

Құрлық біріншілігіне 12 команда қатысады. Бұлар үш құрамадан төрт топқа бөлінген. Әр топтан екі команда ширек финалға шығатын болады.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Қазақстан құрамасы В тобында орналасқан. Қарсыластары Ресей мен Польша құрамасы.

Біздің бас командамыз топтағы алғашқы кездесуін бірінші ақпан күні Польшамен өткізеді. Ал екінші кездесуі үшінші ақпанға жоспарланған. Егер топтан шығып жатсақ, ширек финалдық ойындар 5-6 ақпан күндері өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу