Ирак пен Иранда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 445 адамға жетті

811

Ирак пен Иранда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 445 адамға жетті

Иран мен Ирак шекара аумағында болған жер сілкінісі құрбандарының саны артты. Соңғы ақпаратқа сәйкес, зілзаладан 445 адам қаза тауып, 7 мыңнан астамы жарақат алған, деп хабарлайды khabar.kz.

70 мыңдай тұрғын баспанасынан айырылған. Жергілікті биліктің айтуынша, опат болғандар саны әлі де артуы мүмкін. Құтқарушылардың жұмысына көшкін кедергі болып тұр.

Еске салсақ, жексенбі күні Иран мен Иракты зілзала дүр сілкіндірді. Табиғи апаттан Иранның батысындағы Керманшах және Илам өңірлері қатты зардап шекті. Жер асты дүмпуі Түркия, Израиль, Кувейтте сезілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу