Қазақстанның қор биржасында шетелдік валюталардың саудасы азайды

677

Қазақстанның қор биржасында шетелдік валюталардың саудасы азайды

Қазақстанның қор биржасында (KASE) шетелдік валюталардың саудасы 2016  жылы 45,4%-ға төмендеді, деп хабарлайды LS.

Биржаның мәліметіне сай,  сауда көлемі, оның ішінде  валюта свопы бойынша операциялар 36,1 трлн теңгені (10,49 млрд доллар) құрады.

Акциялардың да төмендегені байқады. Атап айтқанда, өткен жылдың 12 айы ішінде сауда көлемі 72,2%-ға қысқарып, 250,2 млрд теңгеге (744,1 млн доллар) жетті.

KASE мемлекеттік құнды қағаздардың сауда көлемін  де есептеген. Оның көрсеткіші 30%-ға өсіп, 555,9 млрд теңгені құрады (1,6 млрд доллар). 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу