ҚР мәдениет және спорт вице-министрі ауысты

720

ҚР мәдениет және спорт вице-министрі ауысты

ҚР үкіметі қаулысымен Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы ҚР мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ерлан Қожағапанов 1968 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1999 жылы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдады. 2006 жылы РФ мемлекеттік кеден комитетінің Ресей кеден академиясын экономист, қаржыгер, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 1990–1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 1994–2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007–2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013–2016 жылдары ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР футбол федерациясының президенті болып істеген.

2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2 дәрежелі "Айбын" орденімен, "Құрмет" орденімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу