Қытаймен 5,3 миллион доллар көлемінде экспорттық келісімшарт жасалды

838

 Қытаймен 5,3 миллион доллар көлемінде экспорттық келісімшарт жасалды

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ҚЫТАЙҒА КҮНБАҒЫС МАЙЫН ЖЕТКІЗУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ-ШАРТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстандық компания Қытайға 

Үрімшіде "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ ұйымдастырған Қазақстан-Қытай бизнес форумы өтті. Оған 13 қазақстандық өндіруші мен 100-ге тарта қытайлық әлеуетті сатып алушы қатысты.

Қазақстандық делегация құрамында автокөлік, шыны талшықты құбырларын, минералды тыңайтқыштар, май және мұнай өнімдерін, ішімдік және сусындар, құрғақ бие сүтін, нан өнімдерін өндірушілер бар.

Іс-шара аясында "ЭФКО Қазахстан" компаниясы мен Қытайдың COFCO Синьцзян компаниясы арасында ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға және 1000 тонна күнбағыс майын жеткізу жөнінде келісім-шартқа қол қойылды.

"ЭФКО Қазахстан" компаниясының өкілі Данияр Розыбакиевтың айтуынша, бүгінгі күні COFCO - Қытайдағы мұнай өнімдері мен басқа да азық-түлік өнімдерінің ірі өндірушісі және дистрибьюторы.

Іс-шараның қорытындысы бойынша 5,3 млн АҚШ доллары көлеміндегі экспорттық келісім-шарт жасалды.

2017 жылдың алғашқы 8 айында Қазақстан мен Қытай арасындағы сыртқы сауда айналымы 31% -ға артып, 6,5 млрд АҚШ долларын құрады. Экспорт 3,5 миллиард АҚШ долларын құраса (28 пайызға өсті), импорт 3 миллиард АҚШ долларға жетті (36 пайызға өсті).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу