Маңғыстауда жұмыссыздарға арналған мобильді қосымша іске қосылды

807

Маңғыстауда жұмыссыздарға арналған мобильді қосымша іске қосылды

Онда жұмыс іздеушілер үшін пайдалы ақпарат көп, деп хабарлайды 24.kz.

Мобильді қосымшада түйіндемені толтырудың үлгісі, жұмыс берушімен қалай сөйлесу керектігіне дейін көрсетілген. Бағдарламаға әзірге жүзден аса бос жұмыс орны енгізілді. Алдағы айда оны 500-ге жеткізу көзделіп отыр.

Тұрғындар түйіндемелерін орталыққа бармай-ақ, үйде отырып жібере алады. Айта кету керек, қазір Ақтауда 1 мың 400 адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу