Нұрғали Білісбеков: Сириядан жеткізілген Оралдық азаматшаның жұбайы - содыр

1214

Нұрғали Білісбеков: Сириядан жеткізілген Оралдық азаматшаның жұбайы - содыр

Кәмелетке толмаған балаларымен Сириядан Қазақстанға жеткізілген азаматшаның күйеуі – содыр. Бұл туралы  ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Батыс Қазақстандағы дін істері басқармасы, менің әріптестерім осы отбасын бақылап отыр. Неліктен ол кезінде күйеуімен бірге кетіп қалғанын анықтау керек. Бізде ол әйелдің жұбайы туралы барлық ақпарат бар. Ол - содыр, ал егжей-тегжейін айта алмаймын", - деді Білісбеков сейсенбі күні халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша өткен сенат комитетінің кеңесінен соң журналистерге берген сұхбатында.
Еске сала кетсек, қарашаның ортасында Сириядан арнайы рейспен Грозный қаласына ондаған әйел бала-шағаларымен жеткізілген еді. Оның ішінде төрт баласымен Орал қаласының тұрғыны да бар болып шықты. Кейінірек, олар Қазақстанға жеткізіліп, тергеу барысында айыпсыз деп танылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу