Нью-Йоркте Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті

752

Нью-Йоркте Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясы өтті

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында мыңдаған адам президент Дональд Трампқа қарсы наразылық акциясына шықты, деп хабарлайды 24Хабар.

"Салық шеруі" деп аталған шара президент Трамптың салық декларациясын жариялаудан бас тартуына байланысты ұйымдастырылды. Себебі бұл АҚШ-та "салық күні" болып саналады. Мұндай акция елдің көптеген қаласында және Азия мен Еуропа шаһарларында да өтті. Айта кетейік, наурыз айында Ақ үй басшысының 2005 жылғы салық декларациясы жарияланған. Бірақ 2016 жылы сайлау науқаны кезінде Трамп өз кірісін жария етуден бас тартқан болатын. Ал Ақ үй басшысы өзінің мұндай әрекетін "құжаттың бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа ешкімге қызықты емес" деп түсіндірген еді.

"Біз бүкіл ел аумағында шерулерге шығып, салық декларациясын жариялаудағы олқылықты жоюдың мерзімі жеткенін айтқымыз келеді. Президент те өзінің салық декларациясын жария түрде көрсетуі тиіс", – деді сенатор Рон Уайден. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу