Пәкістандықтар бокстан ұлттық құрамасына Қазақстаннан бапкер шақырды

1012

Пәкістандықтар бокстан ұлттық құрамасына Қазақстаннан бапкер шақырды

Бокстан Пәкістан құрамасының бас бапкері болып қазақстандық маман тағайындалады. Бұл туралы Пәкістан бокс федерациясының бас хатшысы Насир Танг TheNews.com.pk басылымына берген сұқбатында айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz. 

"Қазақстанның боксы мықты. Сондықтан да біз осы елден маман шақыруды жөн көрдік. Бұл сауалды шешу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазақстан бокс федерациясы көмектесетінін айтты. Жуық арада олар ресми жауап беріп, лайықты маман тауып береді деген үміттеміз", - дейді Пәкістан бокс федерациясының бас хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу