Павлодар облысы Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшесі болды

1045

Павлодар облысы Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшесі болды

Қытай Халық Республикасы Сиань қаласында Павлодар облысының Гонконг Жібек жолы қауымдастығына кіргені туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Маңызды құжатқа Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен аталмыш қауымдастықтың бас директоры Раджеш Кумар қол қойды. Меморандумға сәйкес, тараптар Гонконг Жібек жолы қауымдастығының мүшелерімен бизнес және сауда, мемлекеттік басқару, денсаулық сақтау, спорт, тарих және ғылым мен техниканы дамыту бойынша ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Сол күні Павлодар делегациясы 100-ден астам ірі кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Шэньси провинциясының кәсіпкерлері Павлодар облысымен химия, мұнай-химия, көмір және өндірістік қалдықтарды өңдеу салаларында ынтымақтастықта болуға қызығушылық танытты. Шэньси провинциясының сауда-саттық басқармасының бастығы Джао Джуньминь Павлодар облысының өндірістік базасын ерекше атап өтті және әріптестікке үмітті екенін білдірді.

"Сонымен қатар, Қытайда павлодарлық азық-түлік өнімдері жоғары сұранысқа ие, - деп атап өтті ол. - Мен ауыл шаруашылығында жемісті ынтымақтастыққа қол жеткіземіз деп сенемін".

Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі Чжаньань қаласында (қазіргі Сиань) болған Ұлы Жібек жолындағы ынтымақтастық Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының маңызды бағыттарының бірі болып табылатынын атап өтті.

"Жаңа Жібек жолының қатысушылары бүгін өздерін жақсы сезінді, - деді Болат Бақауов. - Яғни, Тайюань қаласынан Сиань қаласына дейінгі теміржол арқылы жоғары жылдамдықпен жүретін бірегей пойызбен қатынады. Қытай үкіметі көмірді қайта өңдеу жобаларын қолдайды және көмір өндіретін негізгі өңірлерде отандық технологиялар қолданылады. Бүгінгідей әлемдегі экономикалық дағдарыс кезеңінде бір-біріне экономикалық қолдау көрсету өте маңызды. Павлодар облысы мен Қытай арасындағы өзара сауда, тауар айналымының статистикасы тұрақты өсу үстінде, жылына 500 миллион доллардан асады. Соңғы үш жылда сауда көлемі екі есеге артты".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу