S&P агенттігі bank RBK-нің деңгейін төмендетті

704

 S&P агенттігі bank RBK-нің деңгейін төмендетті

S&P агенттігі RBK банкінің рейтингін "Д" межесіне дейін төмендетті. Бұл қаржылық міндеттемелердің дұрыс орындалмауына байланысты банкроттық деңгейді білдіреді. Алайда банк өкілдері бұл бағамен келіспейді. Олар Ұлттық банк пен "Қазақмыс" компаниясының сауықтыру шараларынан кейін қаржы орталығының қайта оңалғанын алға тартады. Сондықтан агенттіктің "нашар" деп бағалауы қазіргі жағдайға сай емес деп отыр.

Бүгінде банкті қаржыландырумен айналысатын барлық тараптар бекітілген жоспарды жүзеге асыруды бастады. Ұлттық банк дерегіне сәйкес RBK портфелінің 85 пайызы проблемалы несиелерден тұрады. Бұл шамамен 600 млрд теңге. Ал қаржыны қайтару барысында заң бұзушылық тіркелсе, Ұлттық банк материалдарды құқық қорғау органдарына бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу