Сәуле Кенжебаева: Сырт көзге қатыгездер көп болып көрінгенмен, мейірімді жандар өте көп

1531

Сәуле Кенжебаева: Сырт көзге қатыгездер көп болып көрінгенмен, мейірімді жандар өте көп

"Астана су арнасы" мекемесі елордалық мамандандырылған балалар үйіне су бұрқақ орнатып берді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Бұл меценаттар тарапынан көрсетіліп отырған алғашқы қолдау емес, деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында Мамандандырылған балалар үйінің директоры Сәуле Кенжебаева.

"Жалпы, кәсіпкерлер үнемі көмектесіп, қолдау білдіріп отырады. Меценаттарды айтпағанда, қарапайым тұрғындар да қолдарынан келгенше көмектесіп тұрады. Осындағы (балалар үйіндегі) көптеген дүние солардың қолымен және күшімен жасалды", - деді мекеме басшысы С.Кенжебаева.

Оның айтуынша, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы қазақстандықтарды қайырымдылық пен мейірімділікке бастайтын бірден-бір бастама.

"Қолында беретін ештеңесі болмас да, қандай көмек көрсете аламын?", деп келетін жандар бар. Сырт көзге қатыгездер көп болып көрінгенмен, қуантатыны қазіргі қоғамда мейірімді жандар өте көп. Бізге қайтарымсыз көмек ретінде қаржылай және рухани қолдау көрсететін жандар көп. Тек көбісі өздерін жарнамалай бермейді", - деді ол.

"Астана су арнасы" тарту еткен су бұрқақта әйел-ана бейнесі кескінделген. Қолына жүрегін ұстаған әйел бейнесі ананың балаға деген махаббатын суреттеп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу