Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігіне сегіз ауыржүктасығыш жеткізілді

2842

Соколов-Сарыбай  кен-байыту өндірістік бірлестігіне сегіз ауыржүктасығыш жеткізілді

Еуразиялық Топ (ЕRG) құрамындағы Соколов-Сарыбай  кен-байыту өндірістік бірлестігіне 130-тонналық "БелАЗ" автоөзіаударғыштарының бірден сегіз данасы жеткізілді.  Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жаңа техника кәсіпорынның Қашар алаңына келіп жатыр.

Бүгінгі таңда Қашар кен басқармасында 75131 маркалы жаңа "БелАЗ" автоөзіаударғыштарын құрастыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бір ауыржүктасығыш қазірдің өзінде жұмысқа жұмылуға дайын тұр. Бүгінгі таңда бөлімшеде тоғыз "БелАЗ" ауыржүктасығыш тұрақты жұмыс істейді. Қуатты машиналар кәсіпорын жүргізушілеріне ертеден етене таныс. "ССКӨБ" АҚ Автокөлік басқармасы мамандарының айтуынша, келіп түскен ауыржүктасығыш машиналарының сериясы айтарлықтай жетілдірілген: ауыржүктасығыштарда қауіпсіздік, электроника және жайлылығы жағынан жаңалықтары көп.

"Аталған үлгі жетілдірілген және жақсартылған техникалық сипаттамаға ие болып,  оның негізгі күштік элементтері мен агрегаттарының сапасы едәуір арта түсті. Маңызды өзгерістер трансмиссия жүйесіне де ықпалын тигізді. Айта кететінім, мұнда жүктеуді бақылау жүйесі, дөңгелектегі қысым, нығайтылған рама жабдықталған, ал жүргізушінің жайлылығы үшін төрт жақтан шолу бар, - дейді "БелАЗ" сервистік тобының басшысы Алексей Николайчев. – Сөзсіз, бұл көлемді кен массасын тасымалдауға шамасы келетін қуатты машина".

Автоөзіаударғыштарды жеті адамнан тұратын бригада құрастырады. Бір машинаны жинақтауға кесте бойынша орта есеппен 10 күн кетеді.

"Техниканың үнемі толықтырылуы ескіргенді толық ауыстыруға әкеледі, техникамен қайта қаруландыру кері айналмайтын үдеріс, - деп атап айтты "ССКӨБ" АҚ президенті Береке Мұхаметқалиев. – Түскен автоөзіаударғыштардың басқарылуы жетік, жоғары өтімділік секілді бірқатар даусыз артықшылықтары бар. Қауіпсіздік, пайдаланудағы оңайлық, жүргізушілердің жайлы еңбек жағдайлары бұл машиналарды ССКӨБ өндірістік  үдерісінің ажырамас бөлігі етеді".

Қазір Қашар өндірістік алаңшасына техниканың сегіз бірлігі келіп түсті. Тағы да осындай үш 130-тонналықты қосу жоспарда бар. Осылайша, күздің ортасына қарай 11 БелАЗ толығымен жұмыс істеп кетеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу