Таяу Шығыстағы мыңдаған содыр Еуропаға қауіп төндіруі мүмкін

974

Таяу Шығыстағы мыңдаған содыр Еуропаға қауіп төндіруі мүмкін

Таяу Шығыстағы әскери операция салдарынан "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" қатарында соғысып жүрген саны 5 мыңға жуықтайтын еуропалық Кәрі құрлыққа қайтып оралуы мүмкін. Бұл туралы Бельгияның ішкі істер министрі мәлімдеді, деп хабарлайды 24 Хабар.

 Ян Ямбонның айтуынша, соңғы уақытта Ирак пен Сириядан 117 Бельгия азаматы оралған. Көбісі қазір қамауда отыр.

Айта кеткен жөн, 17 қазаннан бастап Иракта лаңкестердің астанасы саналатын Мосул үшін шайқас жүріп жатыр. Таяуда, сондай-ақ Сириядағы экстремистердің тірегі – Ракка қаласын азат ету операциясы басталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу