Тохир Тухтаров: Қа­зақстанда дата-ор­талық ашуға 4 миллиард руб­ль кетеді

714

Тохир Тухтаров: Қа­зақстанда  дата-ор­талық ашуға 4 миллиард руб­ль кетеді

БҰҰ жанындағы халықаралық қоғамдық қауіпсіздік агенттігінің (AIAPS) ғаламтор қауіпсіздігі жөніндегі вице-президенті, "Сухба" АҚ президенті Тохир Тухтаров Қазақстанда ақпараттарды сүзгіден өткізіп, зияндысына тұсау салатын жобаны жүзеге асыратын өкілдік ашпақ, деп хабарлайды aikyn.kz.
Бұл жоба әлеуметтік желі, браузер, мес­сенд­жер, электронды пошта, іздестіру жүйе­сі, тауар сату алаңшасы сияқты қазіргі ға­лам­тор кеңістігінің құрамдас бөліктерін бі­ріктіретін "Сухба" атты ақпараттық тех­но­логиялар (IT) платформасы. Тохир Тух­таро­тың айтуынша, "Сухба" араб тілінен ал­ғанда "қоғамдастық", "достық" дегенді біл­діреді. Яғни, аталған интернет-жоба - ға­лам­тордағы бір жынысты неке, ұлтшылдық, зорлық-зомбылық, терроризм, есірткі және басқа да зиянды нәрселерді насихаттайтын ақпараттарға тосқауыл болып, ондағы қауіп­­­сіздікті қадағалап, бұрыннан сақталып келе жатқан адами нормалар мен құн­ды­лық­тарды сақтауға негізделген контент. Соның негізінде енді Қазақ­станда "Сухба" компаниясының өкілдігін ашу жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, жобаның қаржылық жағын әр елдегі ірі инвесторлар қамтамасыз етуде. Оның ішінде, БАӘ, Қазақстан, Ре­сей­дің инвесторлары бар.

"Ресейде дата-ор­талық ашуға 6 миллиард рубль кетсе, Қа­зақстан аумағында ашуға 4 миллиард руб­льге жуық кетеді" - дейді Тохир Тухтаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу