Түріктер ерлікпен қаза тапқан қазақ баласына құрмет көрсетуде

918

Түріктер ерлікпен қаза тапқан қазақ баласына құрмет көрсетуде

Түріктер күрдтердің терроршыларымен қақтығыста ерлікпен қаза тапқан Байрам Иса есімді қазақ баласына халық болып құрмет көрсетіп, соңғы сапарға шығарып салды. Мыңдаған тұрғын 11-күні жұма намазынан кейін Байрамның жаназасына қатысқан. Бұл туралы reactor.inform.kz жазып отыр.

Байрам Иса түрік ішіндегі қазақ. Аштық пен қуғын-сүргін жылдары Түркияға қоныс аударған қазақтардың ұрпағы. Ол теңіз әскері қатарында қызмет еткен. Диярбақыр қаласында күрдтердің терроршыларымен қақтығысқа түсіп, қатты жарақаттанып, Анкара госпиталінде қаза тапқан.

Қазір туған жері Ыстамбұлдың Зейтинбурну ауданында Байрамның портреті ілінген. Сондай-ақ үйлердің шатырына Түркияның туымен қатар Қазақстанның туы да тігілген. Ал түрік тілді ғаламтор беті әскери-азаматтық борышын орындап, жанкештілікпен опат болған Байрамның қазасына байланысты көңіл айту хабарламаларына толып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу