Қазақстаннан тұрақтылық күтіледі

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
13043

ЕАДБ Қазақстан экономикасында біршама тұрақтылық орнайды деп болжаған 2017 жылға арналған макроэкономикалық шолу ұсынды.

Қазақстаннан тұрақтылық күтіледі Фото: reuters.com

Еуразиялық даму банкінің бас экономистінің тобы 2016 жылдың қорытындысы мен 2017 жылға болжам жасалған тоқсан сайынғы "ЕАДБ-нің макроэкономикалық шолуын" жариялады. Өткен жыл ЕАДБ-нің елдері үшін бірқатар қиынтықтарға толы болды деп есептейді сарапшылар шолуда, мұнай бағасының күрт төмендеуі салдарынан қыржылық нарықтар мен айырбас бағамы тұрақсыздыққа душар болды. Дегенмен жыл қорытындысы бойынша аймақтың елдері айырбас бағамының тұрақталып, тіпті, кей кездері ұлттық валютаның едәуір нығаюын көрсетті. 2016 жылдың соңында ЕАДБ елдеріндегі инфляция деңгейі 12,8% болған 2015 жылмен салыстырғанда тарихтағы ең төмен көрсеткіш – 5,8%-ға жетті.

Экономика өсімімен байланысты жағдай жақсы жаққа өзгерсе де, нақты бір тоқтамға келген жоқ. Жыл қорытындысы бойынша ЕАДБ елдеріндегі экономикалық құлдырау 2015 жылы 3,1%-ға, ал 2016 жылы 0,5-ға баяулады, алайда ЕАДБ-нің алты елінің екеуінде экономикалық серпімділіктің нашарлауы байқалды. Осылайша, ЕАДБ елдері 2017 жылы айтарлықтай өсімге қол жеткізгеніне қарамастан, Еуразия аймағы экономикасының қарқынды дамып кетуі әлі де дүдамал мәселе, осыған орай ЕАДБ елдері үшін экономикалық күн тәртібіндегі басты сұрақтың бірі дамудың жаңа қозғаушы күшін іздеу болып табылады.

Сарапшылардың болжамына сенсек, 2017 жылдың ішінде ЕАДБ елдері экономикасы екпінді түрде аяққа тұруын жалғастырады және сыртқы жаңдайлардың тұрақтануы есебінен инфляция төмендеуі мүмкін.ЕАДБ экономикасының өсімі 0,9%-ға жетіп, 2018-2019 жылдары одан әрі 1,5%-ға дейін жеделдейді деп болжалады. Сонымен қатар инфляцияның төмендеу мүмкіндігі сақталады, ол 2016 жылы 5,8%-дан 2017 жылы 4,6%-ға төмендеуі мүмкін.

Сұраныс тарапынан шектеу, айырбас бағамдары мен капитал ағымдарының тұрақталуы, сондай-ақ консервативті ақша-несиелік саясат аймақ елдерінің көп бөлігінде инфляцияны төмендеу үрдісін жалғастыруға жәрдемдеспек.

Қазақстан экономикасын талдай келе сарапшылар 2016 жылы экономикалық белсенділікке үкіметтік бағдарламалар әсер еткенін баса айтты. Дәлірек айтсақ, дәл соның арқасында құрылыс саласы тұрақты түрде жұмыстың жоғары нәтижесін (7,4%) көрсетіп отыр, қызмет көрсету саласында да жақсы өзгеріс байқалды (1,6%). Бұл өнеркәсіп секторының жағымсыз көрсеткішінің (-3,5%) орнын толтыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ экономика ауыл шаруашылығы салалары арқасында қосымша күшке ие болды, мұнда жылдық өсім 2016 жылдың екінші ширегінде 2,2%-дан 2016 жылдың үшінші ширегінде 9,4%-ға дейін жеделдеді.

Қазақстанда инфляция бойынша жетістікке жету мүмкіндігі бар дейді сарапшылар өз болжамдарында. Жүйелі ақша-несие саясатының нәтижесі ретінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның 6,0-8,0% шегіне жақындауын айтады олар, ал 2017-2018 жылдары тұтынушылық баға индексінің динамикасы белгіленген бағдардың шегінде дамымақ. Бұған ішкі тұтынушылық сұраныстың шекті өсімі және әлемдік нарықтағы азық-түлік бағасының төмен болуы жәрдемдеседі. "Валюта бағамының динамикасы да инфляциялық қысымның тууына жол ашатын басты көз болмайды" деп күтілуде. ЕАДБ-нің болжамына сүйенсек, 2017-2018 жылдары теңгенің долларға қарағандағы бағамы 330-336 шегінде болмақ

Сонымен қоса, "инфляция бойынша жақсы болжам жасалғанына қарамастан, сыртқы әсерден туындайтын қауіп-қатер едәуір болып отыр, бұл жақын болашақта қатал монетарлық шараларды қолдау қажеттілігін тудырады".

Орташа мерзімді болашақта реформаланған, жоспарлы түрде экономиканы өзгертуге бағытталған мемлекеттің инвестициялық саясаты экономиканың өсуіне негізгі әсер етеді деп есептейді сарапшылар. Бюджеттік-инновациялық саясаттың құрылуы "орнын басу" қағидасы бойынша іске асырылуда, яғни бір жобаның (Астана ЭКСПО-2017, Универсиада-2017) аяқталу кезеңінде екінші бағдарлама ("Бизнестің жол картасы -2020", "Агробизнес -2020" және т.б.) іске қосылып жатады. Сонымен қатар мұнай бағасы біраз уақыт бойы барреліне 50-55 доллар шегінде ауытқуы ішкі сұранысты ынталандыру жөніндегі бюджеттік-салықтың саясаттың мүмкіндігін шектейді. Бұл жағдайда орташа мерзімде бюджеттің нығаюы күтіледі, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 2017-2018 жылдары 2,1-2,3% деңгейінде болады деп болжалады.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу