Кедейлерге төлемдер мерзімінен бұрын берілмейді

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3536

Данияр Ақышев жинаған ақшасы шамалы адамдардың БЖЗҚ-дағы ақшасын мерзімінен бұрын алуына қарсы.

Кедейлерге төлемдер мерзімінен бұрын берілмейді

"Біздің ойымызша, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу опциясы зейнетақы  жинағын жеткілікті мөлшерде жинаған салымшыларға ұсынылу керек", – деді Ұлттық банк  басқармасының төрағасы  Данияр Ақышев 22 ақпанда Алматыда өткен онлайн-конференцияда. – Яғни мұны қалай түсіну керек. Егер адам еңбек етуге жарамсыз болған кезде тұрақты табысы болатындай қаражатты, мысалы,  оның жалақысының 40% стандартына жақын ақшаны жинайтын болса, яғни ол осы көрсеткіштен көп жинаған болса, онда жинағының бір бөлігін қалауы бойынша жұмсай алады. Бұл тек осы талапты орындағандар үшін ғана жарамды.

Өкінішке қарай, қоғамда басқа пікір қалыптасқан. Азаматтар өздерінің жинаған зейнетақы жинағын, тіпті ол аз болса да, басқа қажеттілігіне жұмсағылары келеді. Ал, шын мәнісінде, бұл қаражат азаматтарды еңбекке жарамсыз кезінде кіріспен қаматамасыз етуге қажет.

"Зейнетақы жинақтарын, әсіресе, аз соманы, басқа мүддеге пайдалану идеясын қарастырып отырған жоқпыз. Бұл жерде азаматтың еңбекке жарамсыз кезін толық қамтамасыз ету үшін жетерлік жинаған жағдайлар сөз болып отыр. Зейнетақы жүйесінің басты міндеті – адамның қартайған кезіне керек қаражатты жинау".

БЖЗҚ басқарамасының төрағасы Нұрбибі Наурызбаева 2017 жылдың қарашасында бірқатар БАҚ-та салымшының БЖЗҚ-дағы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алу мүмкіндігі туралы түсінік бергенде зейнетақы жинақтарының орташа  сомасы миллион теңгеден төмен екенін айтқан еді. Жинақтың жеткіліксіз болуы – оны зейнетақы төлемінен басқа мақсатқа қолдану мүмкіндігі туралы айтуға себеп болмауға тиіс.

Сондай-ақ халықтың табысының төмендеуі – олардың қарыз жүктемесіне сылтау болады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несие беру 12,4%-ға өскен. Міндетті зейнетақы жинағын оқудың ақшасын төлеу, ипотеканы жабуға және медициналық қызметті төлеу сияқты басқа мақсатқа қолдану мүмкіндігі қаржылық сарапшылармен тұтынушылық сұранысты және ЖІӨ-нің өсуін  кеңейту ретінде белсенді талқыланып жатыр.

Еске салар болсақ, 2018 жылдың қаңтарынан бастап зейнетке шыққандар БЖЗҚ-дағы ақшасын тек ай сайынғы төлем ретінде ғана алады. Зейнет жасына жеткендердің ішінде тек жинағы 12 минималды зейнетақыдан аспайтындар бірден барлық соманы ала алады.

Бүгінгі күні заңнама салымшыға қартайған шағына зейнетақы жүйесінен тыс тек зейнетақы аннуитетін сатып алу мен қаражатты өмірді сақтандыру компаниясына аудару аясында жинауға мүмкіндік береді. 2017 жылы сақтандыру компаниясына бағытталған қаражаттардың біршама өскені  (18%) байқалды, яғни салымшылар бұл жаққа шамамен 27,3 млрд теңге (2016 жылы зейнетақы аннуитеттері, керісінше, кері көрсеткіш көрсеткен) аударған.  БЖЗҚ басқаруындағы зейнетақы жинағының табысы аз болуы –  қаражаттың сақтандыру компанияларына құйылуына басты себеп  болып отыр. 2017 жылы жинақтардың инвестициялық табыстылығы ресми жылдық инфляция 7,1% болғанда 7,92%-ды құрады. 

Гүлназ Ермағанбетова, Татьяна Батищева
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу