Сақалды сатушылар экстремизмге қатысы бар деп айыпталуда

Клара Ларина Клара Ларина
7059

Шымкентте деструктивті діни ағымды жақтаушылар ұсталды. 

Сақалды сатушылар экстремизмге қатысы бар деп айыпталуда

Қаладағы "Гарант" дүкені мен оның жанында арнайы операция жүргені туралы хабар елді дүрліктірді. Тұрғындардың айтуынша, осы  жерге полицейлер мен арнайы жасақ қаптап кеткен, сондай-ақ дүкенге бірнеше сағат бойына ешкімді жақындатпаған.

Ресми органдар болған жағдайға еш түсініктеме бермеді. Алайда оқиғаны көргендердің айтуынша, ұялы телефон сататындар ұсталған. Олар дүкеннің ішінде және маңында да сауда жасайды.  "Гарант" дүкенінің жанында бұрын қолданыста болған сондай-ақ  ұрланған ұялы телефондардың  заңсыз саудаланатынына біраз болған. Мұның барлығы тәртіп сақшылары мен жергілікті биліктің көз алдында жасалатын. Дүкенге қарама-қарсы бетте полиция бекеті, ал оған жақын  жерде қалалық әкімдік орналасқан. Бұл жерді сатушылардан тазалауға қатысты бірнеше акция болған, бірақ та еш пайдасы болмады, олар осы орынға қайтып келді.

Бұл жердегі сатушылардың сырт келбеттері  бір-біріне ұқсас, олардың бәрі сақал өсіріп, қысқа балақ шалбар киеді. Кезінде олардың осы бизнесті жасау себебі жайында  ресми емес пікірлер айтылған. Бұл адамдар дәстүрлі емес діни ағымды ұстанады, өз идеяларын таратып, үгіттеу үшін гаджеттерді пайдаланады деген сыбыс тараған.

Қазақ тілінде жазатын журналист Арман Сқабылұлы былтыр өзінің Facebook парақшасында ұсталған ұялы телефон сататындар радикалдық ағымдағы мұсылмандар деп жазып, полицейлерге ақапартты тексеру  керектігін ескерткен болатын. Олар осы бизнеспен айналысуға неге әуес деген журналистің сауалына бұрын құқық қорғау органында жұмыс істеген адам сақалтайлардың сатқан телефондарында уағыз болады, сатушылар оны әдейі  жазып қояды, ал ұялы телефон сатып алушы мұны басында қызық көріп тыңдайды, осылайша сана улана бастайды деп жауап берген.

Алайда Facebook-та жарияланған жазба шымкенттік сақалтайлар туралы емес, басқа қалалардағы осындай жағдайды сипаттаған.

Енді қазір журналистің айтқаны дәл келіп отыр.

Түстен кейін ОҚО ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлама таратты. Хабарламада 2017 жылдың 19 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп, Шымкент қаласындағы "Гарант" дүкенінің жанында деструктивтік діни ағым жақтастарынан құралған қылмыстық топтың қызметін бұлтартпау бойынша арнай операция жүргізгені айтылған.

"Тергеу болжамы бойынша, қылмыстық топ мүшелері ұрланған ұялы телефондарды сату және сатып алумен айналысқан деп көрсетілген хабарламада. Телефонды сатпас бұрын мобильдік құрылғының идентификациялық кодын өзгертіп, оған экстремистік мазмұндағы материалдар жазатын болған. Сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталды".

Гүлназ Ермағанбетова, Клара Ларина

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу