SCAT Мәскеуге неге ұшпай қалды

Жанболат Мамышев Жанболат Мамышев
2232

Қазақстандық әуе компаниясы ұшақты техникалық тұрғыдан дайындап үлгермеді.

SCAT Мәскеуге неге ұшпай қалды

SCAT әуе компаниясы ұшаққа техникалық қызмет көрсету аяқталмағандықтан, Астанадан Мәскеуге ұшу мерзімін 6 маусымнан 2 шілдеге ауыстырды. Бұл жайлы abctv.kz-ке ҚР инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасы міндетін атқарушы Талғат Ластаев мәлімдеді.

"SCAT бойынша тек техникалық жұмыстар ғана қалды. Менің білуімше, компанияның бір әуе кемесі техникалық қызмет көрсету тексерісінен өтіп жатыр. Яғни ол жерде де барлық құқық талап етіледі", –  деді ол.

Бұған дейін қазақстандық әуе компаниясы Мәскеуге жоспарланғандай 6 маусымнан емес, 2 шілдеден бастап ұшады деп хабарланған еді.

Бұл ақпар  Ресей Федерациясының астанасынан 60 шақырым жерде орналасқан Раменск қаласындағы Жуковский әуежайының сайтында жарияланған.

"SCAT әуе компаниясы. Мәскеу (ZIA) – Астана (TSE) – Мәскеу (ZIA) – 02.07.17. Билеттерді scat.kz-тен сатып алуға болады", –деп жазылған әуежай сайтында.

Осыған дейін SCAT әуе компаниясының рейстері Астанадан Мәскеуге 6 маусымнан бастап ұшады деп хабарланған болатын. Ұшу рейстері сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндеріне белгіленген еді. Сейсенбі және бейсенбі күндері Жуковский әуежайынан Астанаға ұшу жергілікті уақыт бойынша 11.20-ға, қону 17.30-ға жоспарланған. Ал Астанадан Жуковскийге ұшу 10.00-ге, қону жергілікті уақыт бойынша 10.20-ға белгіленген. Ұшу рейстері 2017 жылдың 6 маусымынан бастап 26  қазаны аралығына дейін, әуе кемесі – Boeing 737-500 деп көрсетілген.

Астанадан Жуковскийге дейін және кері қайту эконом санат арнайы тарифі бойынша билет құны – 88108 теңге. Ұшу мерзімі өзгергеннен кейін әуе компаниясы билет сатуды тоқтатты.

Ал билет сатып алып қойғандарға жүз пайыз өтемақы жасалады немесе оны басқа күнге ауыстыруға болады.

Маусым айына сатылып қойған билет саны және ұшу мерзімін ауыстыру себебі айтылмай отыр. Билетті ауыстырғысы және өтемақы алғысы келетін клиенттерге 2 шілдеден бастап қайта қызмет көрсетіле бастайды.

Мәскеуге дейін және кері қарай ұшу билет құны ересек жолаушы үшін 88167 теңге. Мәскеуге ұшу уақыты 11.40, қону 12.00.  Астанаға ұшу жергілікті уақыт бойынша 13.00-де, қону 19.10-де.

Жуковский әуежайы ресми түрде 30 мамыр күні ашылды. Ресми құжаттарда ол Раменск қаласының әуе айлағы деп көрсетілген. Жолаушылар Мәскеуге такси немесе электрпойыздармен жете алады. 

Гүлназ Ермағанбетова, Жанболат Мамышев

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу