Telia Kcell түріктерге сатылады деген сөз сыбыс екенін айтты

Асқар Момынов Асқар Момынов
2900

Швед-фин концерні жемқорлықты жоққа шығарды, бірақ кету ниетін растады.

Telia Kcell түріктерге сатылады деген сөз сыбыс екенін айтты

Telia Company-дың коммуникация жөніндегі маманы, баспасөз хатшысы Ральф Багнер abctv.kz-ке Қазақстандағы активтерін сатып алушыны нақты айта алмайтынын, ал Telia-ға тиесілі Kcell-дің 51% акциясы түріктерге сатылады деген сөз жай ғана сыбыс екенін айтты.

Telia Company-дың Стокгольмдегі бас кеңсесі Еуразия құрлығындағы активтерін сату жөніндегі мәселеге қатысты қысқаша ақпарат берді, сөз болып отырған бизнес Непал, Молдавия, Грузия, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Өзбекстанда орналасқан. Ральф Багнер abctv.kz-ке әлемдік телекоммуникация нарығында жетекші ойыншы болып табылатын швед-фин концерні 2018 жылдың бас кезінде аталған елдерден кететінін растады. Бірақ компания Непал, Әзербайжан және ең бастысы, Өзбекстанда орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарының бұған қатысы жоқ деп отыр.

"2015 жылы Telia Company Еуропа мен Балтық теңізі елдеріндегі нарыққа көп күш салғысы келді.  Непалдан біз 2016 жылы кеткен болатынбыз. Шешім 2007 жылғы Өзбекстандағы Telia Company-дың келісімшартын америкалық және голландық биліктің тергеп-тексеріп жатқанына байланысты емес", - деп сендірді Ральф Багнер.

Ал компанияның Еуразиядағы активтерін сатып алуы мүмкін тұлғалар туралы сұраққа компания өкілі алдағы мәмілелер туралы ақпарат жарияламайтынын айтты.

Айта кету керек, бұған дейін Bloomberg агенттігі түріктердің Turkcell операторының бас директоры Каан  Терзиоғлы Kcell акцияларының бақылау пакетінің иесі Fintur холдингін сатып алуға ниетті екені туралы мәлімдеме жасағанын хабарлаған болатын. 2016 жылдың ішінде мәміле аяқталады деп жоспарланған еді, бірақ олай болмады, осыған орай Telia Company-ға тиесілі қазақстандық активтердің ендігі тағдыры қандай болатындығы айқын емес.

Бұдан бұрын швед-фин концерні коммуникация бөлімінің басшысы Петер Борсос та Turkcell – Fintur акцияларын сатып алуға қызығушылық білдірген және оны жария еткен компаниялардың бірі айтқан болатын, бірақ одан басқа да қызығып отырған компаниялар бар, алайда ендігі кезде оқиға қалай орын аларын Telia Company айта алмайды деп түсіндірген еді. Сонымен бірге қазақстандық активтерді ресейлік МТС компаниясы көздеп отырғаны туралы айтылды.

Осы аптада Kcell 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларының аралық нәтижелерін шығарды, онда дағдарыс оператордың көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер еткені байқалды. Осылайша, компанияның таза табысы 2017 жылдың бірінші тоқсанында 42,7%-ға қысқарды. Ал бірреттік шығындар ескерілмеген EBITDA көрсеткіші 12,1%-ға төмендеп, 13,126 млн теңгені құрады. Компания шығынын 37%-ға ғана ақтады. Бірреттік шығындар ескерілмеген операциялық кіріс 20,4%-ға қысқарып, 7,496 млн теңгені құрады. Ал қаржыландыруға жұмсалған таза шығын 2,683 млн теңгеге дейін өсті. Таза табыс 3,799 млн теңгені құрады.

Сонымен бірге осы аптада Telia Company Тәжікстандағы активтерін экономикалық даму жөніндегі Аға-хан қорына (AKFED) сатқаны белгілі болды. 60% акция 27,2 млн долларға сатылды, ал компанияның жалпы құны 46,2 млн долларға бағаланды. Осылайша AKFED тәжіктің жетекші ұялы байланыс операторының жалғыз иесі атанды.

Алайда бұл мәміле Telia Company үшін табысты болды деп айтуға келмейді, ол бастапқыда Тәжікстандағы үлесіне 39 млн доллар алмақ болған. Дәл осы сома алғашқы мәміле жасасуда айтылды, алайда оны Монополияға қарсы қызмет мақұлдамады.

Ең қызығы сол, Telia Company мәміле жасау үшін өз активін төмен сомаға сатуға келіскеннен кейін, тәжіктің монополияға қарсы қызметінің мақұлдауы қажет болмай қалды.

Тelia Company-дың атқарушы директоры Йохан Денниленд тіпті наурыз айында Тәжікстанның премьер-министрі Кохир Расулзоде мен президент аппаратының басшысы Озоде Рахмонға Kcell активтерін сатудың айналасындағы  жанжалды шешуін сұрап, тікелей ашық хатпен жүгінуге мәжбүр болған.

Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Кәрімованың қатысуымен болған атышулы жемқорлық оқиғасынан кейін Тelia Company-дың басы дауға қалды, алайда қазіргі кезде бұл жанжал шешілейін деді. Telia Company 2007 жылы Өзбекстан нарығына шығуына байланысты туындаған наразылықты реттеуге аз шығын жұмсауға үміттенетінін хабарлады.

Telia Өзбекстандағы күмәнді мәмілелер бойынша АҚШ және Нидерландының билігімен келісіп, бұрын айтылған 1,45 млрд доллардың орнына  1 млрд доллар айыппұл төлеуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Біз билікпен сындарлы келіссөз жүргізудеміз. Айта кету керек, бұдан бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған соманы билік тарапы ұсынған болатын, біз әзірге ол сомаға келіпейміз", - деді Ральф Багнер abctv.kz-пен әңгіме барысында.

АҚШ және Нидерланды билігі 2014 жылдың көктемінен бастап Telia Company-дың 2007 жылы Өзбекстан нарығына кіруіне байланысты операцияларын тексеріп келеді. Тексеру аясында Гүлнар Кәрімова үй қамауына алынды, одан 2017 жылдың басында сыбайлас жемқорлық қылмыстарын тексеру аясында Ташкентте жауап алынған болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша Telia, Vimpelcom және МТС Гибралтарда ғана пошталық мекенжайы бар, жалған компанияға шамамен бір млрд доллар көлемінде пара берді деген күдік бар, бұл компанияның Гүлнар Кәрімова және оның жанындағыларға қатысы бар екені анықталды.

Осы жанжалдың салдарынан 2013 жылы Telia-ның басшылығы ауысып, бірнеше ішкі тексерулер жүргізілді.

АҚШ пен Нидерланды билігі Telia Company-ға айппұл ретінде есептеген 1 млрд доллар сомасы бұл елдің тарихындағы жемқорлық фактілерін реттеудегі ең жоғары сома деп танылды. Осы сома төленгеннен кейін фин-шведт концернының тарапынан жемқорлық күдігі туған барлық елде тергеу тоқтатылады.

Асқар Момынов, Әйгерім Сүлейменова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу